Жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамытуда «Атамекеннің» үлесі бар

102
«Атамекен»
Фото: unsplash.com

Биыл «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуына 5 жыл толды. Осы уақыт аралығында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бизнесті қорғау бойынша 23 573 өтінім түскен. Оның ішінде 40%-ы оң шешіліп, нәтижесінде кәсіпкерлердің 111,3 млрд теңгеден астам сомада мүліктік құқығы қорғалды.

Бұған алынып тасталған айыппұл, өсімпұл, мемлекеттік органдар қайтарған қаражат, сондай-ақ бизнестің сақталған мүлкінің құны жатады. «Атамекен» кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдаудың операторы екенін ескерсек, жоғарыда аталған қолдау көптеген кәсіпорындарға бизнесті сақтап, жетілуге жол ашты.

«Бастау» 2016 жылы пилоттық режимде қолға алынып, кейін 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. 2017 жылы «Бастау» жобасымен 15 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат  оқытылды. Оның ішінде 8 мыңнан астамы бизнес-жобаларын қорғады, 3 мыңнан аса азамат бизнесін ашты және ұлғайтты. Қалған 5 мың адамды қаржыландыру 2018 жылы жалғасып жатыр.

Биыл «Бастау» республиканың барлық 160 ауданын қамтыды. Қәзіргі таңда жоба бойынша 19 200 адам оқыды.  19 мың адамның 58%-ы – жұмыссыздар, 7 мыңнан астамы – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Биыл 4,1 мың адам кәсіп бастауға немесе кеңейтуге шағын несие алған.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің жедел ақпараты бойынша 2018 жыл 1 шілдеде Қазақстанда жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 1 196 974 бірлікті құрады. Оның ішінде шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 221 788, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 2 595, жеке кәсіпкерлер – 777 565, шаруа немесе фермерлік қожалықтар – 195 026 бірлікті құрады.

2017 жылы Қазақстанда тіркелген ШОК субъектілерінің саны 2,3%-ға 1 601 мың бірлікке дейін өсті. Бұл ретте, олардың еліміздегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы санындағы үлесі 96,8%-ға артты. Қазан айында жарияланған статистикалық деректер бойынша, 2018 жылдың бірінші жартысы қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында жалпы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері саны 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ға артты. ШОК-та жұмыс істейтіндер саны 4,6%-ға, өнім шығарылымы салыстырмалы бағаларда 16,5%-ға артты.

Аталған көрсеткіштердегі оң серпін «Бастау» жобасы, «Бизнесті жол картасы-2020» бағдарламасының «Атамекен» жүзеге асырып жатқан құрауыштарының үлесі зор.

Бұдан бөлек,  биыл «Атамекен» пилоттық режимде Астана мен Алматы қалаларында пилоттық режимде «Бизнесті құтқару қызметін» іске қосты. Бизнесті құтқару деген қандай механизм? Бизнесіңізге мемлекеттік органдар тарапынан жоспардан тыс тексерулер көбейіп кетті ме? Құқығыңыз тапталды ма? Онда 1432 қысқа нөмеріне хабарласып, жедел қызметті шақыруға болады.

Қараша айында Ұлттық палата «Кәсіпкердің жеке кабинеті» электронды қызмет көрсетуді іске қосты. «Кәсіпкердің жеке кабинеті» – бизнеске арналған электронды өнімдердің сөресінен кез-келген кәсіпкер өзіне керекті мәліметті cabinet.atameken.kz сілтемесі арқылы кіріп, алуына болады.

Бүгінде «Атамекен» бизнесті жан-жақты қолдап отырған жалғыз құрылым. Кәсіп бастағысы келетін азаматтарға мемлекеттік қолдау бағдарламалы, кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқу, жеңілдетілген несие қарастырылған. Бұдан бөлек, шағын бизнес (Қазақстандағы кәсіпкерліктің жалпы көлемінің 98%-ы) Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшелік жарна төлеуден 5 жылға босатылды. Мұның бәрі кәсіп ашуға жағдай жасайды.