Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Freedom Travel әлемдік қонақүй агрегаторын іске қосады

Freedom Travel әлемдік қонақүй агрегаторын іске қосады

Freedom Travel 2026 жылдың мамыр айында әлем бойынша қонақүйлерді іздеуге арналған жаңа агрегатор сервисін іске қосуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар компания виза рәсімдеу қызметін де енгізбек. Бұл туралы Freedom Travel компаниясының бас директоры Игорь Бойко мәлімдеді.

Жаңа сервистер Freedom Holding Corp. экожүйесіндегі Freedom SuperApp қолданушыларына қолжетімді болады.

Компания басшысының айтуынша, Freedom Travel енді тек әуе және теміржол билеттерін сататын сервис қана емес, толыққанды travel-экожүйеге айналып келеді.

Игорь Бойконың сөзінше, 2026 жыл бойы саяхатқа қатысты бірнеше жаңа өнім кезең-кезеңімен таныстырылады. Соның ішінде Қазақстанда алғаш рет әлемдік қонақүйлерді біріктіретін жеке агрегатор іске қосылмақ.

Компания өкілдері жаңа платформадағы бағалар халықаралық ірі сервистерден де төмен болуы мүмкін екенін айтады. Freedom Travel бұл үшін серіктестік желіні кеңейтіп, тікелей келісімдер жасағанын мәлімдеді.

Сондай-ақ экожүйе аясында трансфер қызметі, экскурсиялар мен авторлық турлар да ұсынылады. Бұдан бөлек, пайдаланушыларға SuperApp арқылы виза рәсімдеу мүмкіндігі берілмек.

Компания мәліметінше, жүйеге әлем бойынша шамамен 3,5 миллион қонақүй мен апартамент қосылған. Сонымен қатар 30-дан астам әуе компаниясымен тікелей байланыс орнатылған. Бұл делдалсыз әрі ашық баға ұсынуға мүмкіндік береді.

Freedom Holding өкілдерінің айтуынша, барлық сервисті бір платформаға біріктіру клиенттерге саяхатқа қажетті қызметтердің бәрін бір экожүйе ішінде пайдалануға жол ашады. Болашақта бұл қызметтерді басқа елдердегі қолданушыларға да ұсыну жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Freedom Holding Corp. соңғы 10 жылда актив көлемін 12,5 млрд долларға дейін жеткізіп, клиенттер санын 11 миллионнан асырған. Компанияның NASDAQ: FRHC Nasdaq биржасындағы акциялары да айтарлықтай өскен.

Ұқсас материалдар