Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мәліметіне сілтеме жасалып хабарланды.
Қарыз көлемінің өсуіне негізінен төлем балансы операциялары әсер еткен (+12,8 млрд доллар). Сонымен қатар валюта бағамының өзгеруі мен нарықтық қайта бағалау секілді факторлар да ықпал еткен (+4,3 млрд доллар).
Құрылымдық тұрғыдан сыртқы қарыздың басым бөлігі – 88,1%-ы ұзақ мерзімді міндеттемелерге тиесілі. Бұл бір жағынан қысқа мерзімді өтімділік тәуекелдерін төмендетсе, екінші жағынан нарықтағы өзгерістер қарызды өтеу мен қызмет көрсетуге әсер етуі мүмкін.
Қаржы құралдары бойынша алғанда, резидент еместерден тартылған несиелер мен қарыздар негізгі үлесті – 70,5%-ды құрайды. Ал резидент еместердің қолындағы борыштық бағалы қағаздардың үлесі 12,5% деңгейінде.
Сарапшылардың пікірінше, сыртқы қарыздың өсуі экономикалық белсенділік пен инвестициялық жобалардың кеңеюімен байланысты болғанымен, оны басқару мен тәуекелдерді бақылау маңызды болып қала береді.





