Алматыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтті
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта негізгі мерекелік іс-шаралар өтті. Қала әкімі Ерболат Досаевтың қатысуымен Мәңгілік алауға гүл қою рәсімі ұйымдастырылды.